"6 заң қабылданды, 41 заң жобасы қаралып жатыр": Құрылтайдың өткен айдағы жұмысы қорытындыланды

385

Қазан айында Құрылтайда 6 заң қабылданып, 2 заңға Президент қол қойды. Қазіргі уақытта 41 заң жобасы қаралып жатыр.

"6 заң қабылданды, 41 заң жобасы қаралып жатыр": Құрылтайдың өткен айдағы жұмысы қорытындыланды Фото: Құрылтай

Бұл туралы заң шығарушы органның баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Депутаттар 27 депутаттық сауал жариялады. Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауына 271 азамат келді. Сонымен қатар заң шығару жұмысы, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және халықаралық парламенттік ынтымақтастық бағыттарындағы жұмыс жалғасты", – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жаңа Азаматтық кодекстің жобасын әзірлеу жұмысы басталды. Жұмыс топтарында мүгедектігі бар балаларды қолдау, энергияны үнемдеу және баламалы энергетиканы дамыту, онлайн-платформалар мен масс-медианы реттеу, көші-қон саясаты ("алтын виза") мәселелері қаралып жатыр. Бұдан бөлек кітапхана және кітап басып шығару ісі туралы заң жобасы Үкіметке жолданды. 

Қазан айында Құрылтайдың 5 отырысы, комитеттердің 38 отырысы, жұмыс топтарының 68 отырысы мен 2 дөңгелек үстел өткен. Сонымен қатар комитеттің 1 көшпелі отырысы ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу