60 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды

669

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тексеру кезінде 11,5 мың бұзушылық анықталғанын айтты.

60 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды

Министрдің мәлімдеуінше, 60 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталып, 44 млрд теңгенің құқық бұзушылығы жойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл 4 айдың ішінде камералдық бақылаумен 3,5 трлн теңгені құрайтын 
395 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 11,5 мың бұзушылық анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері кемшіліктерді жою жөнінде 11 мыңға жуық хабарламаны орындады", – деді қаржы министрі. 

Ерлан Жамаубаевтың сөзінше, мыңнан астам аудиторлық іс-шара ұйымдастырылған. 

"Аудитпен 604 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 60 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды. Тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмысты орындау мен қалпына келтіруге қатысты 44 млрд теңгенің құқық бұзушылығы жойылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және анықтау үшін 947 ұсыным берілді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу