"60 мың теңгелік банкнот шықты": Ұлттық банктің ресми мәлімдемесі

1152

Ұлттық банк әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. ҚР ұлттық валютасының қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады.  

"60 мың теңгелік банкнот шықты": Ұлттық банктің ресми мәлімдемесі Фото: vlast.kz

Ұлттық банк 60 мың теңгелік банкнота шығарылғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желіде тарап жатқан 60 мың теңге номиналындағы банкнот шыққаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды. Жаңа номинал шығару үшін ел экономикасының қажеттігінен туындаған объективті себептер болуы керек. Қазіргі таңда ондай қажеттілік байқалып тұрған жоқ. Осылайша жаңа номинал шығару туралы жоспар жоқ. ҚР ұлттық валютасының қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады", - деп жазылған Ұлттық банк таратқан  баспасөз хабарламасында.

"ҚР Ұлттық банкі туралы" заңға сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады.

"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен онеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан шығару тәртібі туралы шешімдерді Қазақстан Ұлттық банкі қабылдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу