60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

1203

60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстаудан салынған 60 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді, деп хабарлайды atr.kz.
Тұрғындарға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаған Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев: "әртүрлі әлеуметтік топтарға қолдау көрсету негізінде ауданымызда екінші үй беріліп жатыр. Бұл тұрғын үй облыс басшыларының, облыстық құрылыс басқармасының қолдауымен және "NCOC" (North Caspian Operating Company) компаниясының демеушілігімен салынды. Құрметті аудан тұрғындары, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, қоныстарыңыз құтты болсын", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу