60-тан асқан қазақстандықтарға Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін

961

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 60 жастан асқан тұрғындарға ревакцинация үшін Pfizer вакцинасы салуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

60-тан асқан қазақстандықтарға Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін

Министр елде "омикрон" штамының тарауына байланысты қосымша іс-шаралар іске асырылатынын айтты.

"Халықты вакцинациялау және ревакцинациялау деңгейін арттыру керек. Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдер емес 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін Комирнати (Pfizer) вакцинасы ұсынылады", – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Ол Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты "қызыл" аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату, әрі инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша алдын алу іс-шаралары ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылатынын атап өтті.

Министр бүгінде коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 9,4 млн-нан аса адам (халықтың 79,2%), екінші компонентін 8,7 млн-нан аса адам (халықтың 75,1%) алғанын атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу