60-тан астам адамды алдаған ызылордалық елден шықпақ болған жерінен ұсталды

976

Жалпы келтірілген залал 6 млн теңгені құрайды.

60-тан астам адамды алдаған ызылордалық елден шықпақ болған жерінен ұсталды

60-тан астам адамды алдаған Қызылорда қаласының тұрғыны елден шықпақ болған жерінен ұсталды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының прокуратурасында алаяқтықпен күрес мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Оған 17 облыстық мемлекеттік органдардың және ұялы байланыс операторларының (Kcell, Beeline, Tele2) басшылары қатысты.  

Мәлім болғандай, биылғы жылдың басынан бері өңірде алаяқтық фактілері 71% (52-ден 89-ға дейін) артқан. Олардың арасында адамдардың 6 млн теңгесін қалтасына басқан қызылордалық тұрғынға қатысты қылмыстық іс бар. Ол 60-тан астам азаматты жұмысқа орналастыруға уәде беріп, әрқайсысынан 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ақша алған.

"Жалпы келтірілген залал 6 млн теңгені құрайды. Ол елден кетуге әрекет ету барысында Шымкент қаласының әуежайында ұсталды", – делінген прокуратура мәліметінде.

Ведомствоаралық отырыс барысында қазіргі заманғы технологиялар, атап айтқанда, ұялы телефондар мен интернет арқылы жасалатын қылмысқа қарсы күрес мәселелері талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға, ұялы байланыс операторларына және Ұлттық банктің облыстық филиалына тұрғындар арасында алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын, оның ішінде жаңа формалары мен түрлеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу  ұсынылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу