600-ден астам кәсіпкер көпфункциялы орталықтан қызмет алды

374

Нақтыласақ, халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер мен аграрлық несие корпорациясы да осы бір ғимаратта орналасқан.   

600-ден астам кәсіпкер көпфункциялы орталықтан қызмет алды Фото: Ашық дереккөзден

Астанадағы кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункциялы орталықтан 600-ден астам бизнес өкілі қызмет алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Екі апта бұрын пилоттық негізде қолға алынған жоба кәсіп иелерінің әр есікті бір қақпай, жұмысын бір жерден аяқтауға мүмкіндік береді.

Нақтыласақ, халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер мен аграрлық несие корпорациясы да осы бір ғимаратта орналасқан.  Жаңа бизнес ашқандарға жұмыспен қамту орталығы осы жерде отырып, жұмыс күшін тауып береді. "Бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетушілер кәсіпкерлерге құжат айналымы едәуір жеңілдеді деп отыр.  

"70-тен астам қызмет түрлері бар бизнеске арналған. Енді ең басты проблема қандай? Кәсіпкерлер бізге келеді, тиісті ақпаратты алады, бірақ нақты қызмет алу барысында көп кедергілерге тап болуы мүмкін. Уақыт жоғалтады, қацда баруын білмеуі мүмкін. Сол себепті біз нақты бизнеске беретін мемлекеттік органдар немсесе басқа да органдарды орналастыратын болсақ, әрине ыңғайлы болады", - деді Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу