"600 мың теңге өтемақы өндіріп алды": Өскемендік тұрғын фотосын рұқсатсыз жариялағандарды сотқа берді

132

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлады.  

"600 мың теңге өтемақы өндіріп алды": Өскемендік тұрғын фотосын рұқсатсыз жариялағандарды сотқа берді Фото: Depositphotos.com

Өскемен қаласының тұрғыны өзінің фотосуретін әлеуметтік желіде келісімінсіз жариялап, ар-намысына тиетін мәліметтер таратқан азаматтарды сотқа берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, Instagram желісіндегі екі қолданушы әйелдің суретін әдепсіз пікірлермен бірге жариялап, оның мінез-құлқы туралы дәлелсіз айыптаулар айтқан. Жарияланым авторлары мұны "жеке пікір" деп түсіндіруге тырысқанымен, сот олардың уәжін қабылдамаған.

Сот нақты адамға қатысты айтылған мұндай мәлімдемелер дәлелдемелермен расталуы тиіс екенін атап өтті. Алайда жауапкерлер өз сөздерінің растығын дәлелдей алмаған.

Сонымен қатар, фотосуретті иесінің келісімінсіз жариялау азаматтың құқықтарын бұзу деп танылған.

Нәтижесінде сот жарияланымдарды алып тастауға және жалған мәліметтерді теріске шығаруға міндеттеді. Сондай-ақ екі жауапкердің әрқайсысынан моральдық зиян үшін 300 мың теңгеден өндірілді. Бұған қоса, сот шығындарын өтеу жүктелді.

Апелляциялық және кассациялық сатылар бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу