606 босқынды суға кетуден құтқарып қалды

700

606 босқынды суға кетуден құтқарып қалды

Ливия жағалауында 606 босқын, оның ішінде 241 бала құтқарылды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Rainews24 италиялық телеарнасының хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстарына қатысушы "SOS Mediterranee"  үкіметтік емес ұйымының "Aquarius" су кемесі соңғы 36 сағатта құтқарылған босқындарды Палермо қаласына жеткізді.

Осы уақыт аралығында Жерорта теңізінде жеті құтқару операциясы жүргізілген. Көптеген босқындардың аштықтан ауырып, қарулы шабуылдардан жарақат алғандары анықталған. "SOS Mediterranee" ұйымының Италиядағы өкілі Валери Каландра Жерорта теңізіндегі гуманитарлық дағдарыс шегіне жеткенін айтып, дабыл қақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу