61 отбасының қарызы кешірілді

895

Коммуналдық қызметке берешегі барлардың 5 миллион 600 мың теңгесі кешірілді.

61 отбасының қарызы кешірілді

Алматы қаласындағы бір ғана ауданда тұрғындардың коммуналдық қызметке қарызы 300 миллион теңгеден асып кеткен. Жылуға, ауыз суға және жарыққа дер кезінде төленбеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуезов ауданындағы 61 әлеуметтік аз қамтылған отбасының, оның ішінде мүгедек адамы бар отбасылар, жалғызбасты ана және жағдайы төмен азаматтардың пәтер иелері кооперативі алдындағы қарыздары кешірілді.

Жалпы кешірілген қарыздың көлемі – 5 миллион 600 мың теңге. Әр азаматтың сомаға қарай 20 мыңнан 200 мыңға дейінгі берешегі жойылды.

"Қарыздарды қайтару үшін әртүрлі шара қолданып жатырмыз. Бұл жұмыс ары қарай жалғасады. Келесі кездесуіміз осы азаматтармен тұрғын үй мәселесі бойынша болады. Қалай кезекке тұру, қандай құжат керек және кім кезекке тұра алады. Әлде, болмаса осы Алматы қаласында пәтерге ие бола алады дегендей мәселелерді түсіндіреміз", – деді Алматы қаласы Nur Otan партиясы Әуезов ауданық филиалының төрағасы, Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу