65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу енгізіледі

977

Бұқаралық, отбасылық шаралар өткізуге тыйым салынады.  

65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу енгізіледі

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақтандыру мақсатында Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. 

Оның ішінде, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды. Бұған қоса, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуіне шектеу қойылды. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына да тыйым салынды. Себебі бұл жастағы қариялар вирус жұқтырып алу қаупі жоғары, тәуекел тобына жатады. Алайда қоғамның өзге тобына ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат етілді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу