654 млн теңге өндірілді

706

Өткен жылы энергетика министрлігі көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімін өндіру, газ және газбен жабдықтау салаларына 169 бақылау іс-шарасын ұйымдастырды.  

654 млн теңге өндірілді

Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 2020 жылы 654 млн теңге
өндірілді", – деді министр. 

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, электр энергетикасы мен атом энергиясы саласында мемлекеттік бақылау шеңберінде 1276 бақылау іс-шарасы, оның ішінде 332 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қорытындысында нормативтік құқықтық акті талабын тиісінше орындауға қатысты 318 ұйғарым шығарылды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу