660-тан астам сарбазға жоғары оқу орнының гранты берілді

312

Сертификаттарды ҚР ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков табыстады.  

660-тан астам сарбазға жоғары оқу орнының гранты берілді Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әскери борышын абыроймен өтеген жүздеген жас енді жоғары білім алуға мүмкіндік алды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне "Сарбаз 2.0" бағдарламасы бойынша білім гранттарының сертификаттары салтанатты түрде табысталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба мерзімді әскери қызмет өткерген жастарды қолдауға, олардың білім алуына жағдай жасауға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында биыл Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне 660-тан астам білім гранты бөлінген. Оның ішінде елордалық әскери бөлімдердің 14 сарбазына сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш Ұлттық ұланның еліміздегі барлық күш құрылымдары арасындағы көшбасшылық орнын тағы бір мәрте айқындады. Бағдарламаға қатысуға мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың шамамен 60 пайызы ниет білдірген. Бұл жастардың білімге деген қызығушылығы мен кәсіби дамуға ұмтылысының жоғары екенін көрсетеді.

Ол бұл бастама әскери қызметін адал атқарған жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу