6ELUCCI тобы мен бетперделі жігіт "стилін" өзгертуге мәжбүр

Өйткені, Мемлекет басшысы қоғамдық орындарда бет-жүзін жабатын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойып отыр.

6ELUCCI тобы мен бетперделі жігіт "стилін" өзгертуге мәжбүр Фото: inbusiness

Мұндай қадам қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, кешеден бастап елімізде қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып жүруіне тосқауыл қойылды. Яғни, адамны тануға кедергі келтіретін киімді киюге ресми түрде тыйым салынды.

Десе де, кей жағдайларда бұл тыйым қолданылмайды:

– Қазақстан заңдары талаптарын орындау кезінде;

– Қызметтік немесе еңбек міндеттерін атқару барысында;

– Медициналық мақсатта;

– Азаматтық қорғау кезінде;

– Күн райының қолайсыздығына байланысты;

– Спорттық, бұқаралық спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде.

Бұл норма тиісті заңға енгізілген өзгерістер аясында заңдастырылып отыр.

Айта кетейік, 10 маусым күні Сенатта "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңға қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салуды көздейтін түзету ұсынылған болатын. Аталған бастама жұмыс тобының отырысында көтеріліп, талқыланды.

Бұл жаңалық шыққан бетте қазақстандықтар қап-қара маска киіп ән айтатын 6ELUCCI тобы мен бет-жүзін көрсетпей, аты-жөнін айтпай, қайырымдылық жасап жүрген бетперделі жігітті бірден есіне алды. Заң аясында енді олар да маскасын шешіп, "стилін" өзгертуге мәжбүр болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу