"7-20-25" бағдарламасы бойынша 29 мың өтінім мақұлданды

1224

"7-20-25" бағдарламасы бойынша несие алуға 50 753 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.  

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 29 мың өтінім мақұлданды

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша несие алуға 598,4 млрд теңгеге 50 753 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 348,7 млрд теңгеге 29 435 өтінім мақұлданды",- делінген хабарламада.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу