"7-20-25" бағдарламасына баспанасы барлар да қатыса алады

1021

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында айтты.

"7-20-25" бағдарламасына баспанасы барлар да қатыса алады

"7-20-25" бағдарламасымен үй алуға ниеттеген 1200 азаматтың өтініші кері қайтарылған. Оған себеп олардың кредиттік тарихының тым нашар болуы.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, соңғы 6 айда 52 млрд теңгеге 4350 ипотекалық өтініш рəсімделіпті. Сондай-ақ, Ақышев бұдан былай 7-20-25 бағдарламасына баспанасы бар азаматтардың да қатысуына мүмкіндік берілетінін айтты.

Жекелеген əлеуметтік санаттағы азаматтарға қазір жергілікті əкімдіктер жеңілдік беріп жатыр. Мəселен, Астана қаласында мүғалімдер мен дəрігерлерге 1 млн теңгеден субсидия бөлу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу