"7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламасына өзгерістер енгізілді

961

Өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді.

"7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламасына өзгерістер енгізілді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Қазақстан Ұлттық банкі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ "Баспана-хит" тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Бағдарламаларға толықтырулар елде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар мен (немесе) өсімпұлдарды есептеместен мерзімін ұзартуды көздейді.

Өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді.

"Баспана-хит" бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банктермен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін ұзартуды елде төтенше жағдай енгізілген күн 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ала алады",– деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу