"7-20-25" және "Баспана хит": Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламалар бола ма?

1048

"Баспана хит" және "7-20-25" бағдарламалары жұмысын тоқтатқаннан кейін елімізде жеңілдетілген жаңа ипотекалық бағдарламалар бола ма? Бұл сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"7-20-25" және "Баспана хит": Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламалар бола ма?

Оның айтуынша, "Нұрлы жер" бағдарламасы жұмыс істей береді.

"Негізгі құралымыз – "Отбасы банк". Біз оның өкілеттілігін кеңейтеміз. Біз заңнамалық бастамалар пакетін Мәжіліске қыркүйекте ұсынамыз. "Отбасы банкінің" функцияларын және әрбір санат бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеміз. Бұрын біз кезекте тұрған барлық қатысушыға бір уақытта көмектестік. Біз үшін олардың барлығы бірдей болды. Енді біз оларды бөлуді ұсындық. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да әлеуметтік қамтамасыз етілмеген санаттар бар", - деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол азаматтардың табысына байланысты пәтер алуға мүмкіндігі болатынын атап өтті.

"Ұлттық Банктің "7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламалары келесі жылдан бастап нарықтан біртіндеп кетеді. Бұл мәселені ақылдасып жатырмыз. Халық арасында "Баспана хит" өте танымал. Өйткені, бұл бұрын салынған үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін жалғыз бағдарлама", - деді вице-министр.

Осы орайда Қайырбек Өскенбаев жаңа тұрғын үй салу да маңызды екенін атап өтті.

"Біз нарықтағы жағдайды бақылаймыз. Мұнда 2 нұсқа бар: "Отбасы банкінің" мүмкіндігін кеңейтеміз немесе екінші деңгейлі банктерге нарықтың осы сегментін береміз", - деді министрдің орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу