7 639 гектар егіс алқабын тасқын су шайып кетті

972

Бетпақдала коллекторы арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылды.

7 639 гектар егіс алқабын тасқын су шайып кетті

Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтарал ауданында 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 балабақшаны, 4 медициналық мекемені сонымен қатар 1 мәдениет үйі мен 10 дүкенді су басқанын баяндады. 

"Жеңіс ауылындағы көпір және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автомобиль жолы су астында қалды. Алдын ала жинақталған мәлімет бойынша көлемі 7 639 гектар егіс алқабын су басқан. Мал шығыны нақтыланып жатыр. Шығын есептеліп жатыр. Оның көлемі анықталғаннан кейін қосымша жарияланады", – деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс басшысының айтуынша, ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан тұрғын үйлердің мүлкін қорғау үшін 8 блок бекет орнатылған. Қауіпсіздік шараларына полиция департаментінің жеке құрамынан 303 қызметкер мен 53 көлік жұмылдырылған. 

"Елдімекендерді су басудың алдын алу үшін Нұрлы жол, Өргебас, Ырысты, Жантақсай елді мекендерінде бөгет салынып, Мырзакент бағытында Фирдоуиси елдімекені аумағында коллектр орнатылды. Мақтаарал ауданының аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы Қоғалы елді мекенінің маңынан Орталық Бетпақдала коллекторы арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылды", – деді Өмірзақ Шөкеев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу