7,7 мың балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін балалар тәрбиеленіп жатыр

369

Бұл мекемелерде 40 мыңнан астам бала психологиялық-педагогикалық түзетуден өтуде.

7,7 мың балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін балалар тәрбиеленіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар тәрбиеленіп жатқан 7 700 балабақша тиісті талаптарға сәйкестендірілген. Бұл ұйымдарда ерекше білім беру қажеттілігі бар 40 мыңнан астам бала психологиялық-педагогикалық түзетуден өтуде. Тұжырымдамаға сәйкес 2026 жылы барлық мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау көзделген", - деді министр.

Оның сөзінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқып жатқан 5 800 мектеп те тиісті талаптарға сәйкестендірілген. 

"Биыл оқу жасындағы 132 600 баланың 98%-ының білім алуға мүмкіндігі болып отыр, 3 100 баланың денсаулық жағдайына байланысты мүмкіндігі жоқ. Олардың 88%-ы орта білім беру ұйымдарында, ал 12%-ы үй жағдайында оқиды", - деді Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысы елімізде 646 инклюзия кабинеттері ашылғанын да жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу