DW басылымының жазуынша, тікұшақ апаты елдің аумақтық сулары үстінен ұшып бара жатқан сәтте басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қатар әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, 7 адам оқиға орнында опат болды. Борттағы 6 адамның денесі табылғаны туралы осыған дейін хабарланған еді, десе де тағы бір ұшқыштан әлі күнге дейін хабар болмай тұр.
Қатар билігінің мәліметінше, қаза тапқандардың төртеуі – Қатар әскери қызметкері, қалған үшеуі – түрік азаматы.
Анкара апатқа ұшыраған тікұшақ бортында түрік әскери қызметшісі мен Aselsan әскери-өнеркәсіптік корпорациясының екі технигі болғанын растады.
Қатар Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде тікұшақ жоспарланған жаттығу-ұшуы кезінде техникалық ақауға ұшырағанын хабарлады.