"7 – қазақ үшін қасиетті сан": Димаш Құдайберген ерекше жазба қалдырды

4666

Әнші жаңалығымен өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті. 

"7 – қазақ үшін қасиетті сан": Димаш Құдайберген ерекше жазба қалдырды  Фото: Instagram/sveta_aitbaeva73

Халық әртісі Димаш Құдайберген әлемнің түкпір-түкпірінен қолдау көрсететін жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

"Құрметті достар, сүйікті Dears!

Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз!

Өздеріңіз білесіздер, 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын.

Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын.

Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар!

Алдағы болатын концертімде кездескенше!", - деп жазды Димаш Құдайберген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу