7 мың тоннадан астам саз балшықты заңсыз өндірген компания тергеліп жатыр

115

Компания бір жыл бойы Арқалық кен орнынан отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.

7 мың тоннадан астам саз балшықты заңсыз өндірген компания тергеліп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті "ОГНЕУПОРСНАБ" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттік техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыруды азаматтық-құқықтық дау емес, Қазақстан халқының меншігі болып табылатын табиғи ресурстарды ұрлау, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін қылмыстық әрекет деп атап өтті.

ЖШС директорынан адвокаттың қатысуымен жауап алынған. Оның құқықтары толық сақталып, ешқандай мәжбүрлеу шаралары қолданылмағаны хабарланды.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі қоғамдық кеңістікте шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарату ресми тергеуге кедергі келтіретінін де ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу