7 мыңға жуық валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

655

2019 жылғы 10 наурызда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 56,4 млрд теңге сомаға 6 690 өтінімді мақұлдап, 42,2 млрд теңге сомаға 5 287 қарызды қайта қаржыландырды.

7 мыңға жуық валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 6 690 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 162,5 млрд теңге сомаға 26 216 қарызды мақұлдап, 142,8 млрд теңге сомаға 24 449 қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

2019 жылғы 10 наурызда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 56,4 млрд теңге сомаға 6 690 өтінімді мақұлдап, 42,2 млрд теңге сомаға 5 287 қарызды қайта қаржыландырды.

Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу