7 мыңнан аса валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

461

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі кезеңді қамтиды.

 7 мыңнан аса валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 7 439 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды Ұттық банктің баспасөз қызметі. 

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

"Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлді. 
2019 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 164,5 млрд теңге сомаға 26 585 қарызды мақұлдап, 146,3 млрд теңге сомаға 24 960 қарызды қайта қаржыландырды", – деп хабарланды Ұлттық банктен. 

Ал бағдарламаның екінші бөлігінде Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделген.

"2019 жылғы 10 мамырдағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 61,9 млрд теңге сомаға 7 439 өтінімді мақұлдап, 48,5 млрд теңге сомаға 5 998 қарызды қайта қаржыландырды", ­– делінген бас банктің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу