2026 жылғы 7 наурыз сағат 08:30-дағы жағдай бойынша келесі учаскелерде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:
Ақтөбе облысы
"Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет өткізу бекеті)" автожолының 39-136-шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекаралық өткізу пункті).
Сонымен қатар келесі учаскеде тек жеңіл автокөліктердің қозғалысына рұқсат етілген:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-1153-шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Ырғыз ауылы).
Қостанай облысы
"Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8-218-шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
"Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 418-539-шақырым аралығы (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы).