7 наурыздағы саудада доллар тағы арзандады

338

Бүгінгі доллар бағамы - 447,29 теңге.

7 наурыздағы саудада доллар тағы арзандады Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы тағы арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,54 теңгеге төмендеп, 447,29 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы долларға 447,52 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 449,22 теңгені, сатылымы 450,91 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,37 теңгеден сатып алынып, 452,47 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу