Осы негізде жергілікті атқарушы органдар әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімдерін қалыптастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауына дайындық барысында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітті.
Сайлаушылар тізімдері 2 тамызда учаскелік сайлау комиссияларына беріледі, ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздері туралы деректердің дұрыстығын және сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады.
23 шілдеден кешіктірмей дауыс беру күні тұрақты тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар тиісті сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін уақытша болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы. Сонымен қатар,
7 тамыздан бастап сайлаушылар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында көзделген жағдайларда уақытша болатын жері бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады.
Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылар тізіміне енгізілуін тексеруге арналған онлайн-сервистердің жұмысын қамтамасыз ету және сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы ақпарат беру үшін call-орталықтар құру ұсынылды.