7 туроператордың лицензияларының қолданылуы тоқтатылды

319

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

7 туроператордың лицензияларының қолданылуы тоқтатылды Фото: Ht.kz

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жетекшілік ететін салаларда қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияларды тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының ақпараты негізінде Комитетпен Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын тоқтата тұру жөнінде:

  • ЖШС Hajar.travel, БСН 220440022505, 16.11.2022 ж. № 22021332 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;
  • Tanym Group ЖШС, БСН 220840042356, 26.01.2023 ж. 23002555 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;
  • B&K Travel KZ ЖШС, БСН 170340030664, 03.08.2017 ж. № 17013918 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;
  • "ТВВ тур" ЖШС, БСН 970840000415, 10.09.2019 ж. № 19018684 Алматы қаласының туризм басқармасы;
  • LS tour kz ЖШС, БСН 180940004773, 18.09.2018 ж. № 18017327 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;
  • "Бархатный сезон" ЖШС, БСН 110640003256, 11.02.2022 ж. № 22002714 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;
  • Sultan Hajj Travel ЖШС, БСН 160340008324, 14.02.2023 ж. № 23004269 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен шаралар қабылданды.

Аталған туроператорлар қызметтің тиісті түрін/кіші түрін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды, өйткені Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері ретінде "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе оларды тиісінше орындамай отыр.

"Қазіргі уақытта, "Е-лицензиялау" (e-licence.kz) мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және, тиісінше, аталған туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған бұзушылықтар жойылмаса, көрсетілген тоқтата тұру мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады", - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу