7 жыл құрғақшылық болған елде жойқын су тасқыны тіркелді

Алапат табиғи апаттан соң Марокко билігі 20 мыңнан аса адамды эвакуациялады. 

7 жыл құрғақшылық болған елде жойқын су тасқыны тіркелді Фото: gismeteo.by

Arab News басылымының дерегінше, су тасқынына елдің солтүстік-батыс өңірлерінде нөсер жаңбыр мен өзен деңгейінің көтерілуі себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су тасқынын бақылау жөніндегі ұлттық комиссия бірнеше аптаға созылған жаңбыр мен бөгеттерден судың көп жіберілуі Лукус өзеніндегі судың күрт көтерілуіне әкелгенін мәлім етті. Сондықтан, Рабаттан шамамен 190 шақырым солтүстікте орналасқан Ксар-эль-Кбир қаласының бірнеше ықшамауданы су астында қалып отыр. 

– Сенбі күнге дейін 20 мыңнан астам адам уақытша баспаналар мен лагерьлерге көшірілді. Су деңгейі біртіндеп төмендеген сайын билік су басу қаупі бар аумақтарға құм салынған қаптар мен уақытша бөгеттер орнатты. Қауіпсіздік мақсатында Ксар-эль-Кбир қаласындағы мектептер 7 ақпанға дейін жабық болады. Ал көршілес Сиди-Касем провинциясында Себу өзенінің деңгейі көтеріліп, бірнеше ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Билік бақылауды күшейтті, – делінген хабарламада.

Бір қызығы, мол жауын-шашын елдегі 7 жылға созылған құрғақшылықты тоқтатты. Құрғақшылық кезінде Марокко тұщы су тапшылығына байланысты теңіз суын тұщыту қондырғыларына қомақты қаржы салуға мәжбүр болған еді. 

Ресми деректерге сай, су қоймаларының орташа толу деңгейі 60%-ға жеткені хабарланды. Елдегі кейбір ірі су қоймалары 100 пайызға толды. 

Қаңтар айында Рабаттың оңтүстігінде орналасқан Сафи қаласында болған тосын су тасқыны салдарынан 40-қа жуық адам қаза тапқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу