70-тен астам кәсіпкердің заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды

619

Осы Алматы қаласының прокуратурасы 70-тен астам кәсіпкердің құқығын қорғап қалды, деп хабарлайды Atameken Business.  

70-тен астам кәсіпкердің заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды

Нәтижесінде, кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан актілердің күші жойылды.  Нақтырақ айтсақ, прокурорлар тексеріс барысында 48 кәсіпкердің  салық есептерін уақытылы тапсырмағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын, сондай-ақ, 23 бизнес өкілінің банктік шоттар бойынша шығыс операциялары уақытша шеттетілгенін анықтаған.

Ал, негізінде бірінші жағай бойынша  салық есептері мерзімінен бұрын тапсырылып, салық қарыздары төленгені белгілі болды. Енді, заңсыздыққа жол берген кінәлі шенеуніктер жауапкершілікке тартылады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу