8,5 миллион азаматтың банктерге 19 трлн теңге қарызы бар

297

Несие алған қазақстандықтардың дені тұтынушылық несиеге байланған.

8,5 миллион азаматтың банктерге 19 трлн теңге қарызы бар Фото: canva.com

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Президент тапсырмасын іске асыру аясында 2023 жылғы 20 қазанда мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен халықтың шамадан тыс кредит алуы мәселелері бойынша Парламенттік тыңдау өтті. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдарының алдында 19 трлн теңге сомасына берешегі бар", - деді заң жобасын таныстырған депутат Үнзила Шапақ.

Айтуынша, оның ішінде 8,2 миллион азаматтың кепілсіз тұтынушылық несие бойынша қарызы 10 трлн теңге болған. 

"1,6 млн азаматтың 1,7 трлн теңгеге проблемалық несиесі бар", - деді Үнзила Шапақ.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда 47 мың студенттің проблемалық несиесі бар екенін жазған болатынбыз. Бұдан бөлек 2019 жылы несиесі кешірілген қарыз алушылардың көп бөлігі тағы несие алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу