8 ай бұрын жоғалған маңғыстаулық тұрғынды табуға көмектескендерге ақшалай сыйақы беріледі

83

34 жастағы Ерлан Есмағамбетов наурыз айында жұмыстан шығып үйіне оралмаған.  

8 ай бұрын жоғалған маңғыстаулық тұрғынды табуға көмектескендерге ақшалай сыйақы беріледі Фото: inform.kz

Ол 17 наурызда Кендірлі демалыс аймағы маңындағы жұмыс орнынан бейтаныс адамның көлігіне отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Әріптесі үлкендеу адам. Ол "Ерланның іші ауырды, сосын мен қорыққаннан жолға шығып, жолшыбай машинаға мінгізіп жібердім" деп отыр. Ол көлік жүргізушімен бізді полиция кездестірді. Ол растады. Бірақ, жолаушы 10-15 минуттан кейін өзі түсіп қалды деп отыр. Балам ұялы телефонын жұмысында қалдырып кеткен, – дейді анасы Гүлмира Есмағамбетова. 

Арада 3 ай өткен соң Ерланның күртешесі даладан табылған. Туыстары оны біреулер құлдықта ұстап отыр ма деп күдіктенеді. 

Осы оқиға бойынша облыстық полиция депаратаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Адам жоғалу дерегі бойынша Қарақия аудандық полициясына туыстарынан арыз түскен сәттен бастап қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Жедел іздестіру шаралары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ерлан Есмағамбетов іздестіру есебіне қойылып, бүкіл ел бойынша полиция бөлімдеріне бағыттама жолданып, ақпарат берілді, – делінген хабарламада.

Ерлан Есмағамбетов отбасылы, 3 баласы бар. Туыстары оны тауып берген адамға 2 миллион теңге сыйақы беретінін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу