8 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

416

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайысз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

8 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды Фото: baq.kz

"2023 жылғы 8 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу