8 мың қазақстандық ипотека бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырған

637

8 мың қазақстандық ипотека бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырған

Қазақстан орнықтылық қорының ақпараты бойынша, 3 айдың қорытындысы бойынша (2020 жылғы 15 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңде) 8030 қазақстандық 9,9 млрд теңге сомасына ипотека бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды пайдаланды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 3012 қарыз алушы "7-20-25" бағдарламасы бойынша, ал 5018 адам "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша төлемдерін шегерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу