8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар жолға шығады

100

Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.    

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар жолға шығады Фото: t.me/railways_kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу