8 жасар қызды қаққан жүргізуші 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды

961

Ал жапа шегуші тарап сотқа қайыра шағым түсіріп, жазаланушының, заңда көрсетілгендей, толық 5 жыл жазасын өтеуін сұраған.

8 жасар қызды қаққан жүргізуші 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды

Өскеменде оқушы қызды қағып кеткен көлік иесі 6 емес, 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Естеріңізде болса, 16 мамырда Абай даңғылы бойында №18 мектептің оқушысын көлік басып кеткен болатын. 8 жасар қыз қаза тапқан еді. Осы іске қатысты 13 тамызда болған сотта айыпкер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 6 миллион теңге көлемінде құн төлеуге міндеттелген-ді.

Бірақ жапа шегуші тарап сотқа қайыра шағым түсіріп, жазаланушының, заңда көрсетілгендей, толық 5 жыл жазасын өтеуін сұрапты.

26 қыркүйекте осыған қатысты екінші мәрте сот отырысы өтті. Онда жазаланушыға таңылған 2,5 жыл мерзім сол күйі қалдырылды. Бірақ ол енді 6 миллион емес, 10 миллион моральдық ақы өтейтін болды.

Қаулы 26 қыркүйектен бастап заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу