809 науқаспен байланыста болған 340 адам анықталды

648

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әкімдерге тапсырма берді. 

809 науқаспен байланыста болған 340 адам анықталды Фото: inbusiness.kz

Ол эпидемиологиялық ахуал үкіметтің күнделікті бақылауында екенін алға тартып, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты іс-шара қабылдау қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Барлық әкімдерден халықты жаппай вакциналау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жеке бақылауға алуды сұраймыз. Ай соңына дейін халықтың вакциналауға жататын бөлігінің 20%-на жеткілікті вакцина көлемі қамтамасыз етілді. Әкімдіктер азаматтарды вакцинациямен қамту жұмысын күшейтуге тиіс", – деді Ералы Тоғжанов.

Оның сөзінше, Ashyq жобасы оң нәтиже көрсетіп жатыр. 

"Бағдарлама қоғамдық орындарға кірмек болған 809 науқасты және олармен байланыста болған 340 адамды анықтады", – деді Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер әкімдер кәсіпкерлік субъектілеріне Ashyq жобасын енгізілуін қадағалауды тапсырды. 

"Шұғыл түрде осы жұмысты ұйымдастыруы қажет. Қабылданған шектеу шараларының қатаң сақталуына бақылауды күшейту керек. Алматы, Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарында бұл жұмыс нәтижелі жүріп жатыр. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы мониторинг топтардың жұмысы ойдағыдай емес", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу