850-ден астам сайт синтетикалық есірткі жарнамалап келген

763

ІІМ-нің бақылау тізіміне есірткінің 89 түрі енгізілген.

850-ден астам сайт синтетикалық есірткі жарнамалап келген

Синтетикалық есірткінің қатары күн сайын толығып жатыр. Жыл басынан бері ғана олардың тізіміне 89 жаңа аталым еніпті. ІІМ-нің  Есірткіге қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Маткенов осылай деп отыр.

"Синтетикалық есірткінің таралуына қарсы белсенді жұмыс жүргізуге кейінгі кезде қабылданған кешенді заңнамалық шаралар мүмкіндік беріп отыр. ІІМ-нің бақылау тізіміне есірткінің 89 түрі енгізілген болатын. Бұл тізімнің Үкімет қаулысымен бекітілуі бізге белгілі барлық писхикалық белсенді заттарды құқықтық аймаққа шығаруға мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде қазірдің өзінде 96 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл былтырғы көрсеткіштен ондаған есе көп. Синтетикалық есірткі сатудың 238  фактісі тіркелді. Есірткі таратып келген 850-ден астам сайт бұғатталды", – деді департамент бастығы. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу