"87 жолаушы жоғалды": Филиппинде паром өртенді

Паромның бортында барлығы 134 адам, 117 жолаушы және 17 экипаж мүшесі болған.  

"87 жолаушы жоғалды": Филиппинде паром өртенді Фото: Bild

Кеме Палаван провинциясындағы Корон аралына жақын маңда жергілікті уақыт бойынша кеше сағат 18:45 шамасында тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

MV June Aster жолаушылар паромындағы өрттен кем дегенде бес адам қаза тапқан, тағы 87 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр. Жағалау күзетінің мәліметінше, құтқарушылар 42 адамды судан алып шығып, жағаға жеткізген. Сол себепті, жоғалғандар саны әлі де өзгеруі мүмкін.

Өрт паромды толығымен жойып жіберген. Құтқару жұмыстарына қатты толқын мен теңіздегі ағыстар кедергі келтірді. Кеме апат дабылын берген кезде жағалаудан шамамен 7,4 шақырым қашықта болған. Кейін қатты ағыс оны ашық теңізге қарай одан әрі алып кеткен. 

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Құтқарылған жолаушылардың бірі жағалау күзетіне өрт кеменің жүк бөлімінен басталуы мүмкін екенін айтқан. Сондай-ақ, паромда шетелдік туристердің болған-болмағаны  нақтыланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу