886 нысан мүгедек жандардың құқығын бұзған

1154

86 нысан айыппұл арқалады. 

886 нысан мүгедек жандардың құқығын бұзған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы 900-ге жуық ұйымның мүмкіндігі шектеулі жандарға заң бойынша жағдай жасамағанын анықтапты. Нақтырақ айтсақ, ғимараттар мен көлікке кіруіне қажет арнайы инфрақұрылым талапқа сай төселмеген.   

"Мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және жолаушы тасымалы саласындағы 886 объект тексеріліп, бәрінде заңбұзушылық табылды. 604 тексеру жоспарлы профилактикалық бақылау аясында, 282-сі азаматтардың берген өтініштері бойынша жүргізілді", - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою үшін  699 нұсқама беріліп, 86 нысанға 21,2 млн теңге әкімшілік айыппұлдар салынған.

Жалпы елімізде 35 158 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бар. 2020 жылы соның 34 784 объектісі паспорттаудан өтіпті. 

Есжан Ботақара

Фото: ФедералПресс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу