895 бала коронавирустан ем қабылдап жатыр

459

Денсаулық сақтау министрлігінің 29.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

895 бала коронавирустан ем қабылдап жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы 826 адамнан коронавирус анықталды. 
Осылайша COVID-19 жұқтырғандар саны 130865 адамға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу