9 айда 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

748

Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

9 айда 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

"Құрылыстың өсу қарқыны 9,7%. 9 айда 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп көрсеткіш", – деді премьер-министр. 

Асқар Маминнің сөзінше, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және сапалы инвестиция тарту жұмысын жалғастыру қажет.

"Ұлттық экономикада сенімді өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4%-ға дейін қарқын алды. Экономика дамуының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7%-ға өсті. Соның ішінде, машина жасауда 22,8%, автомобиль құрылысында 31,6%, локомотив пен вагондар өндірісінде 50,5%, құрылыс материалдарында 10,1%, фармацевтикада 38,1%, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4%, киім өндірісінде 14%, жиһаз жасау саласында 14,9%, дайын метал бұйымдарын шығаруда 17,2% өсім байқалады", – деді Үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу