9 айда 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген

439

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Мемлекет басшысына 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берді. 

9 айда 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген

Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу