9 кәсіпорын республикалық байқауға жолдама алды

732

9 кәсіпорын республикалық байқауға жолдама алды

Таразда өткен "Қазақстанның үздік тауары" дәстүрлі өңірлік көрме-байқауына 150-ден астам кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

Олар өздері өндіріп отырған тауардың 300-ден астам түрін ұсынды. Биыл қатысушылар саны да, өнім түрлері де екі есеге артқан. "Бұл сапаға жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жыл санап артып келе жатқандығын көрсетеді", –  дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің өнімдері қойылған "Жамбыл өнімдері" көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған шалғай аудандарда шаруасын дөңгелетіп отырған ауылдық кәсіпкерлер келді. Шараны өткізудегі негізгі мақсат – отандық тауардың сапасын жақсартып, кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру. Байқау барысында өнімдер үш бағыт бойынша сараланды. Нәтижесінде 9 кәсіпорын үздік атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу