9 мамыр – Жеңіс күні

3378

Бүгін – Жеңіс күні. Осыдан 76 жыл бұрын екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

9 мамыр – Жеңіс күні

Бұл соғыста КСРО жеңіске жеткен болатын.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия КСРО аумағына басып кірді. Осылайша, 4 жылға созылған алапат соғыс басталды. Қазақ КСР да жеңіске өз үлесін қосты.

1939 жылы жүргізілген халық санағы бойынша елімізде 6,2 млн адам тұрды. Қазақстаннан 1 млн 200 мың соғысқа аттанды. Оның 601 мыңы елге оралған жоқ. 100 мыңнан аса қазақстандық соғыстағы ерлігі үшін түрлі деңгейде марапатталды. 500-дан аса қазақстандық сарбаз Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Елімізден майданға 500 мың тоннадан аса астық, 230 мың тоннадан аса картоп пен көкөніс, 300 мың тоннадан аса сүт, 250 мың тоннадан аса ет, 1,7 млн тонна жүн, 2,5 млн дана жылы киім жіберді. Соғысқа 110 мыңнан аса жылқы, жаудан азат етілген аудандарға 500 мыңнан аса мал жөнелтілді.

Сонымен қатар соғыс жылдары жауға атылған 10 оқтың тоғызы Шымкенттегі қорғасын зауытында құйылды. Қазақстан одақ бойынша марганец кенінің 60%-ын, мыс құймасының 30%-ын, мыс кенінің 50%-ын, висмуттың 65%-ын, мырыш өнімінің 85%-ын, полиметалл кендерінің 70%-ын өндірді.

Айта кетейік, елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 665 ардагер бар. Биыл оларға 1 млн теңгеден өтемақы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу