9 мамырға арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді

Биылғы жылы "Ер есімі – ел есінде" ("Батырларға тағзым") жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада өтеді, ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. 

9 мамырға арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді Фото: zakon.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері хабарлады.

"Біздің онлайн-акцияны өткізуде тәжірибеміз жеткілікті дәрежеде. 2020-2021 жылдардағы карантиндік шектеулер кезінде осындай акция дәл осы форматта өткен. Акцияны дәстүрлі форматта өткізу үнемі қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі бір келеңсіз жағдайларына алып келетіні жасырын емес. Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінің біріндегі қозғалыстың жабылуы автокөлік иелері мен жақын маңдағы үй тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызады", - деді "Ауғанстан ардагерлер одағы " қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Абдушукуров.

Айта кету керек, онлайн-акцияларға қала тұрғындары белсенді қатыса отырып оны қолдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу