"9 миллиардқа жетеді!": Жер халқының саны рекордтық көрсеткішпен өсіп жатыр

Мұндай статистикалық деректерді Германияның Дүниежүзілік халық қоры (Deutsche Stiftung Weltbevölkerung, DSW) ұсынды. 

"9 миллиардқа жетеді!": Жер халқының саны рекордтық көрсеткішпен өсіп жатыр Фото: canva

2025 жылы жаһан халқының саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 82 миллион адамға көбейе түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың сөзінше, халық санының ең көп өсімі Африка құрлығында тіркеліп отыр. Алдағы ширек ғасырда бұл құрлықтағы тұрғындар саны екі еседен де көп артуы ықтимал.

БҰҰ сарапшылары да аталған болжамды қуаттайды. 2037 жылға таман жер жүзіндегі халық саны алғаш рет 9 миллиардтан асып-жығылмақ.

Демографтар мұндай жоғары өсімді денсаулық сақтау саласындағы жетістіктермен және өмір сүру ұзақтығының жақсарғанымен байланыстырады.

Дей тұрғанымен, кейбір құрлықта, әсіресе Еуропа мен Шығыс Азияда, туу көрсеткішінің төмендеуі көрініс тапқан.

Демек, жер шары демографиялық тұрғыдан тұрлы жағдайға тап болып жатыр. Бұл өз кезегінде экология, азық-түлік қауіпсіздігі және ресурстарды басқару сияқты маңызды мәселені күн тәртібіне шығара түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу