Біржолғы төлемдер бойынша тізімге енгізілген 11 аурудың тек 3 түрі бойынша ғана тағайындалған. Қалған аурулары бар азаматтар мұндай қолдауды алмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға көмек көрсету кезінде олардың құқықтарының шектелгенін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде нормативтік құқықтық актілер қайта қаралып, көмек алушылардың қатары кеңейтілді.
Нәтижесінде Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлем алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу