9 мыңнан астам жамбылдық отбасы заңсыз АӘК алған – министрлік

712

Жамбылдықтар бюджетке 133,5 млн теңге қайтаруға тиіс.

9 мыңнан астам жамбылдық отбасы заңсыз АӘК алған – министрлік

Жамбыл облысында 35 мың 497 отбасына 14,5 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соның 133,5 млн теңгесін қайтарып алмақшы. Айтуларынша, 9 мың 632 отбасы табысын дұрыс көрсетпеген. 
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүргізген тексерулер кезінде бизнес пен жылжымайтын мүлікті, көлік пен малды қасақана жасыру жиі анықталған.

"16 мамырда Меркі ауданында тұратын көпбалалы отбасына 1 млн 416 мың 588 теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Кейін оның иелігінде ауданы 100 шаршы метрден асатын жаңа үйде тұратындығы, отағасы жеке кәсіпкер екені анықталды. Құжатта 1-тоқсаның кірісі 415 мың 968 теңге деп көрсетілгенімен, шынайы табысы 1 млн теңгеден асқаны әшкере болды", – дейді өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Тимур Нұрымбетов.

Оның айтуынша, осыған ұқсас фактілер өңірдің басқа аудандарынан да анықталған. Заңсыздыққа жол берген жамбылдықтардың алғашқы легі алған ақшасын қайтара бастаған. Бүгінге дейін бюджетке 27,1 миллион теңге қайтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу